Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні


Балалар онкологиясы бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. 15 ақпан Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күніне орай «№1 қалалық емхананың» балалар бөлімінде СӨС дәрігері Е. А. Гурский ата-аналарға лекция оқыды. Ол қауіпті дерттің алдын алу, уақытылы дигностикадан өтудің маңызына тоқталды. Дәрігер қатерлі ісік белгілерін атап өтті. Мысалы, тері қабатының бозаруы; баланың мінез-құлқы мен белсенділігінің өзгеруі; тамақтанудан бас тарту, салмақ жинауды тоқтату; эмоционалды реакциялардың болмауы, т.б. Балалар арасындағы қауіпті ісік қатарында саркомалар (сүйектің, жұмсақ тіннің, бүйрек, көз, жыныстық бездердің, мидың, бауырдың қатерлі ісігі және гемобластоздар, лимфомалар, лейкоздар) жиі кездеседі.

 

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу