Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек


 ТМККК мен МӘМС пакеттеріндегі тегін жоспарлы медициналық қызметтерді алу үшін пациентке бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу қажет. 

Емханаға тіркелу қалай жүзеге асырылады?

- бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін бір медициналық ұйымға бір жылда бір рет тіркелуге болады: емханаға, отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға, отбасылық денсаулық орталығына, тұрақты және уақытша тұратын жеріңіз бойынша, жұмыс немесе оқу орныңыз бойынша.

Тікелей емханада бас дәрігердің атына жазбаша өтініш жазу керек. Бұл тәсіл мыналарға қолжетімді:

- зейнеткерлер мен мүгедектерге;

- баланың заңды өкілдеріне және бала кезінен мүгедектерді күтушілерге;

- сотталғандарға;

- студенттерге;

- әскери қызметшілерге;

- сәбиер үйіндегі бүлдіршіндердің, сондай-ақ жетімдер мен қарттардың өкілдеріне;

- ресми қолхат бойынша тіркеуді рәсімдеуші тұлғаларға.

www.eGov.kz. порталындағы жеке кабинетте өтініш беруге болады. Бұл тәсіл электронды цифрлық қолтаңбасы немесе кабинетке кіру үшін бір рет қолданылатын паролі бар барлық азаматтарға қолжетімді. 

Тіркеуді қалай өзгертуге болады?

Басқа емханаға қайта тіркелу мына жағдайда мүмкін:

- 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында тіркелу науқанының аясында;

- тұрғылықты жерді, жұмыс, оқу орнын өзгерткенде;

- медициналық ұйымды қайта құру/жою жағдайында.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу