Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Симптомдағы айырмашылықтар


Жаңа коронавирус инфекциясы (COVID-19) ауруының белгілері әдеттегі (маусымдық) тұмауға ұқсас: дене қызуы жоғары, бас ауруы, әлсіздік, жөтел, тыныс алудың қиындауы, иіс сезу қабілетінің төмендеуі немесе жоғалуы бұлшық еттердегі аурулар, құсу, жүрек айну, диарея. Жаңа коронавирус инфекциясы эпидемиясы кезінде Сіз жедел респираторлық вирустық инфекцияны тасымалдайсыз. Талдау нәтижелерін алғанға дейін Сізде коронавирус инфекциясы бар-жоғын нақты анықтау мүмкін емес. Сондықтан сіздің жүріс-тұрысыңыз бен қабылдаған еміңіз басқаларға қауіпті болатын осы инфекцияның пайда болу тәуекеліне сәйкесуі керек.

Бүгінде Сіз пациенттердің 80-85%-да байқалатын аурудың жеңіл түріне байланысты ем қабылдайсыз және ең алдымен, 7-10 күн ішінде Сіз сауығып өзіңізді жақсы сезінесіз. Бірақ Сіз кем дегенде 14 күн оқшаулау режимін сақтауды әрі қарай жалғастыруыңыз керек (далаға шықпаңыз, қонақ шақырмаңыз, жеке бөлмеде болыңыз, жаныңызда отбасының басқа мүшелері болмаған кезде бөлек тамақтаныңыз, маска киіңіз және оны күніне үш рет ауыстырыңыз, қолды жиі жуыңыз және дезинфекция ерітіндісімен сүртіп отырыңыз). Сізде ас ішетін ыдыс-аяқ жеке болуы керек және тамақ ішіп болғаннан соң оны хлор ерітіндісімен (қарапайым ағартқыш немесе құрамында хлоры бар тұрмыстық химиялық зат) 90 градус температурада ыдыс жуғышта (бар болса) жуған жөн.

Оқшауланған бөлмеде тамақтанған дұрыс. Қолыңыз тиген барлық жерлерді хлор ерітіндісімен сүртіңіз. Бұл үстел, су шүмегі, есік тұтқалары, компьютер пернетақталары, пульттерге және басқа да заттарға қатысты. Мүмкіндігінше бір рет қолданылатын қолғаптарды киіп, ауыстыру қажет. Қолыңызды бетіңізге тигізбеуге, қажет болған жағдайда сіңбіруге бір реттік қол орамалын пайдаланып, оны полиэтиленді пакетке салып, басқа қоқыстармен араластырмай тастау керек. Бөлмені желдетіңіз. Киім мен төсек-орындарды басқа заттармен бірге 90 градус температурада жууға болады, бірақ жуатын кезде қолғап кию керек.

Түнгі уақытта жағдайыңыз нашарласа, 103 телефоны арқылы жедел жәрдем шақырасыз және бұл ретте Сіз COVID-19 инфекциясын жұқтырдым деген күдікпен үйде емделіп жатқаныңызды (немесе талдау оң нәтиже көрсетсе, осы инфекциямен ауырып жатқаныңызды) хабарлайсыз. Егер Сізді ауруханаға жатқызса, бұл туралы өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу