Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Жатыр мойны обырының дамуы

Жатыр мойны обырының дамуы әйелдің адам папилломавирусын жұқтыруымен байланысты, бұл туралы көптеген ғылыми дәлелдер бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 95% дан астам жағдайда жатыр мойны обырын (ЖМО) адам папилломавирусы (АПВ) тудырады. Жатыр мойны обырының 70%-ы АПВ-ның екі түрлі вирус штаммдарынан туындайды. АПВ бар әйелдерде жатыр мойны обырының даму ықтималдығы АПВ жоқ әйелдерге қарағанда 6 есе жоғары.

• Әлемде жыл сайын 600 мың әйелде ЖМО анықталады және одан 340 мың әйел қайтыс болады, ал Қазақстанда жатыр мойны обырының 1600-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, бұл аурудан 500-ден астам әйел қайтыс болады. Қазақстанда жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейінгі әйелдерде онкологиялық аурулардың таралуы бойынша екінші орында тұр.

Қазақстанда 2024 жылдың 3 тоқсанынан бастап қыздарды вакцинациялау жоспарлануда. Адам папилломавирусына (АПВ) қарсы Вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізіледі, вакцинация 11 жастағы қыздарға балаларды вакцинациялауға ата-анасының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу