Дүниежүзілік Ана сүтімен емізу апталығы аясында омырауды емізу сабағы өтті
Бүгін дені сау бала мектебінде Дүниежүзілік Ана сүтімен емізу апталығы аясында омырауды емізу сабағы өтті. Бұл сабақты балалар жасындағы ауруларды интегралды басқару жөніндегі дәрігер А.А. Аралова жүргізді. Ана сүті нәрестелерге сау даму үшін қажетті барлық қоректік заттарды қауіпсіз береді және нәрестелерді диарея мен пневмония сияқты балалық шақтағы жалпы аурулардан қорғауға көмектесетін қажетті антиденелерден тұрады (бүкіл әлемдегі балалар өлімінің екі негізгі себебі). ДСҰ-ның пікірінше, барлық аналар денсаулық сақтау жүйесінен (жүкті және жас аналарға арналған мектептер) ақпарат алса және отбасының қолдауы болса балаларын емізе алады.