ОРАЗА КЕЗІНДЕ АҒЗАНЫ ҚАЛАЙ КҮТУГЕ БОЛАДЫ?
Қасиетті Рамазан айында мұсылман қауымы таң сәріден күн батқанша ас-су ішпейді.
Пандемия және карантин шаралары кезінде ауыз бекіткен жандардың өз денсаулығына ерекше көңіл бөлгені жөн.
Ораза кезінде ағзаны қалай күту керектігі туралы бірнеше кеңес ұсынамыз:
Ораза кезінде кофе және қою шай ішпеген абзал - бұл сусындар тез шөлдетеді. Одан гөрі ас ішерден 15-30 минут бұрын бір-екі стақан су, ал тамақтан кейін шөп шай немесе сұйық көк шай ішкен жөн.
Шекеңіз ауырып, жүрегіңіз айнып, шөл қысса, ауызыңыз бен тамағыңыз құрғап, денеңіз ауырсынып, құрысып, ыстығыңыз көтерілсе - бұл ағзаның қатты сусыздануының белгісі, жедел жәрдем қажет деген сөз.
Дәрі-дәрмек ішуге де ерекше мән берген жөн. Тәулігіне бір рет дәрі ішетін болсаңыз, сәресі немесе ауызашар кезінде ішсеңіз болады, бірақ күнде белгілі бір уақытта қабылдау қажет. Егер дәріні тәулігіне бірнеше рет әрі үнемі ішуге тиіс болсаңыз, ораза ұстамаған абзал.
Денсаулыққа нұқсан келтірмей ораза ұстау үшін жеңіл қорытылатын тағам ішкен жөн. Әртүрлі деликатестен аулақ болыңыз – олардың құрамында тұз көп және неше түрлі зиянды қоспалар бар.
Рафинадталған өнімдерден бас тартыңыз. Бұл - нан және жоғары сұрыпты ұннан дайындалған кондитерлік тағамдар, ақ күріш, ақ қант, тазартылған өсімдік майы және тағы басқалары.
Ас мәзірінде жеміс-жидектер мен көкөністер міндетті түрде болуы керек. Барлық дәнді дақылды осыған жатқызамыз - олар өте құнарлы келеді.
Ақуыздың қажетті мөлшерін ашытылған сүт өнімдері, ірімшік және жаңғақтан алуға болады.
Ораза қабыл болсын
https://fms.kz/