Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы


Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы – адамның тыныс алу қиындығымен сипатталатын созылмалы ауру түрі. Ол көбінесе созылмалы бронхит (бронхтың қабынуы және тарылуы) және эмфизема түрінде болады. Аталған ауру түрі емделмейтін дерттердің қатарына кіреді, себебі өкпеде қайтымсыз патологиялық процесс жүреді. Бірақ та дәрігердің көмегіне дер кезінде жүгіну арқылы аурудың дамуын бәсеңдетіп, емделушінің жағдайын жеңілдетуге болады. Өкінішке қарай көп жағдайда өкпенің созылмалы обструктивті ауруына шалдыққан адамдар дәрігерге кеш қаралады.

Белгілері: 

Көп қақырық бөлінетін жөтел

Тұрақты шаршау сезімі

Тыныстың тарылуы, ентігу

Тыныс жолдарындағы инфекциялық аурулардың жиілеуі (тұмау, ЖРВИ)

Кейде өкпенің созылмалы обструктивті ауруы кезінде жөтел мүлдем болмайды. Бірақ егер де жоғарыда аталған белгілердің біреуі кездесетін болса, онда бұл өкпе эмфиземасының дамуын көрсетеді. 

Алдын алу жолдары:

Ең алдымен шылым шегуден бас тарту керек. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы өндірісте жұмыс істейтін адамдарда пайда болуы мүмкін. Сондықтан да олар қауіпсіздік ережелерін сақтап, улы газдан, шаң-тозаңнан тыныс жолдарын сақтап тұратын арнайы респираторды қолданған жөн. 

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы никотинге тәуелді адамдарда ғана емес, темекі тартпайтын, бірақ та темекі түтінінің иісі сіңген ортада көп уақыт болатын адамдарда да болады. Сондай-ақ тыныс алу ауруларының пайда болуына генетикалық бейімділігі бар адамдарда дамуы мүмкін. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының алдын алу үшін ағзаны жалпы нығайтып, иммунитетті көтеру қажет. Салауатты өмір салтын ұстанып, тыныс алу жаттығуларын жасаған өте пайдалы.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу