Туберкулездың алдын алу
Туберкулез жұқпалы аурулар арасында өлім-жітім деңгейі бойынша ЖИТС-тен кейін, 2-ші орында.Ауру кез-келген мүшелер мен тіндердің зақымдалуымен көрінуі мүмкін. Соңғы жылдары мәселе, туберкулезге қарсы жаңа препараттарды іздеуді , ұзақ мерзімді кешенді емдеуді қажет ететін бірнеше дәріге төзімді туберкулез инфекциясының пайда болуымен ауырлады. Туберкулездің алдын алу мәселелері өте маңызды.Әлемнің барлық елдерінде көпжылдық қолданумен дәлелденген туберкулездің нақты профилактикасының жетекші сенімді әдісі - Қазақстанның Ұлттық егу күнтізбесіне кіретін БЦЖ вакцинациясы болып табылады.Туберкулездің даму қаупі әртүрлі органдар мен жүйелердің созылмалы және қайталанатын ауруларымен жиі және ұзақ уақыт ауыратын балалар мен жасөспірімдерде байқалады. Баланың аурудың ашық түрлерімен ауыратын науқаспен бір отбасында тұруы үлкен қауіп төндіреді, сөбебі онда аурумен байланыс бар.Алғашқы егу (вакцинация) перзентханада бала туылғаннан кейін жүргізіледі. Вакцинация алдында баланы мұқият тексеру, оның денсаулық деңгейін бағалау жүргізіледі және тек сау балаларға БЦЖ вакцинасын енгізуге рұқсат етіледі.Кейінгі егу (ревакцинация) Манту сынамасы қойылғаннан кейін 6-7 жаста, теріс нәтиже болған кезде жүргізіледі.Ревакцинация алдында балаларды медицина қызметкері де мұқият тексереді; баланың бұрын ауырған аурулары ескеріледі. Тексеруден кейін ғана БЦЖ ревакцинациясы жүргізіледі.Назар аударыңыз! Туберкулезді вакцинациялау-біздің балаларымыз бен жасөспірімдерімізді ауыр және қауіпті аурудан сенімді қорғау екенін ұмытпаңыз!