Біздің емханада ашық есік күні өтті
Бүгін Дүниежүзілік өкпе обырына қарсы күрес күні аясында № 1 қалалық емханада Ашық есік күні өтті. Өкпенің қатерлі ісігі Қазақстанда басқа қатерлі ісіктер арасында аурушаңдық бойынша үшінші орында тұр. Сүт безі мен колоректальды қатерлі ісіктен кейін. Өлім-жітім бойынша Өкпенің қатерлі ісігі Қазақстан Республикасында бірінші орында тұр. Бұл ретте жыл сайын өкпе обырынан 2000-нан астам өлім тіркеледі, олардың 4/5-і ерлерге тиесілі. Еркектер әйелдерге қарағанда өкпенің қатерлі ісігінен 8 есе көп өледі. Онкологиялық аурулардың алдын алу келесі алты “жоқ” деген ережені сақтауға негізделген:
Темекі шекпеңіз. ...
Алкогольді ішпеңіз. ...
Артық салмақ салмаңыз. ...
Күн ванналарын теріс пайдаланбаңыз. ...
Бір орында отыру өмір салтын ұстанбаңыз. ...
Зиянды тағамдарды жемеңіз