Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Мереке құтты болсын қымбатты акушерлер!


Қайырлы күн достар! 

5 мамыр күні қамқор қолдарының арқасында көпшілігіміз дүниеге келген жандар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Жиырма жылдан астам уақыт бойы 5 мамыр Халықаралық акушерлер күні болып саналады. Барлық акушерлерді мерекемен құттықтағымыз келеді! Сіздерге адал қызметтеріңіз үшін алғыс айтамыз, әрқашан өздеріңізді құнды және құрметті сезінуіңізді тілейміз. Бүгін біздің емханада жылдар бойы қызмет ететін Құрманбаева Замзагуль Ахмедиановнаны ерекше атап өткіміз келеді, акушерлікте жалпы еңбек өтілі 19 жыл. 1990 жылы Жезқазған медицина училищесіне түсіп, 1992 жылы бітірді. Қарағанды қаласында акушер болып жұмыс істеді, 2018 ж. Астана қаласына келіп, осы күнге дейін 1 емханада учаскелік акушер болып жұмыс істейді. Акушер Құрманбаева Замзагуль Ахмедиановна мамандығы бойынша жарты ғасырға жуық қызымет атқаруда. Бірақ жасына қарамастан, өзінің туған емханасының әріптестерімен бірге ол әлі күнге дейін әйелдерге бақытты ана болуға көмектесуде.  Барлық жұмыс жылдарында ол ешқашан өз таңдауына өкінген емес.

Аурудың жасына және сипатына қарамастан, жыл ішінде алғаш рет емханаға жүгінген барлық әйелдерді тексереді. Анықталған патологиясы бар немесе ауруға күдікті әйелдерді акушер-гинекологқа жібереді. Кабинетті қажетті құралдармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде. Өз жұмысында деонтология принциптерін сақтайды. Әйелдер арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге қатысады. Тиісті әдебиеттерді зерделеу арқылы өзінің біліктілігін жүйелі түрде арттырады, конференцияларға, семинарларға қатысады. 

Халықаралық акушерлер күнінде емханамыздың барлық акушерлерін құттықтаймыз, мықты денсаулық, медициналық тәжірибеде табыс, бақыт және ұзақ жылдар тілейміз! Олардың жұмысы жыл сайын миллиондаған босанған әйелдер мен сәбилердің өмірін сақтауға көмектеседі.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу