Тәуелсіздік – тұғырым!
Тәуелсіздік - кез келген мемлекеттің ең басты құндылығы. Биыл еліміздің Тәуелсіздік алып, егеменді ел ретінде танылғанына 29 жыл толды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңына қол қояды. Қазақстанды тәуелсіз ел деп ресми түрде Түркия мемлекеті алғаш таныды. Еуразия жүрегінде орналасқан еліміз бүгінде терезесі тең, іргелі мемлекет. Ел болашағы - жастар Қазақстанның өркендеуі мен дамуына өз үлесін қосып келеді. Осынау 29 жыл ішінде отандық медицинаның жаңа деңгейге көтеріліп, жетістіктерге жеткенінің куәсі болып отырмыз. Әсіресе пандемия кезеңінде жұмысы еселенген дәрігерлердің еңбегі қашан да құрметке лайық. Тәуелсіздік күні құтты болсын!
#МеніңТуым
#МеніңТуымМеніңОтаным
#БіздіңОртақМереке