Ашық есік күні
2024 жылдың 15 наурызында «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да бекітілген тұрғындарды туберкулезді анықтау және аурудың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында туберкулезбен күреске арналған айлық аясында Ашық есік күні өткізілді. Іс-шара барысында учаскелік дәрігер-фтизиатр, фтизиопедиатр, жалпы практика дәрігерлері, терапевтер мен педиатрлардың қабылдаулары жүзеге асырылды. Сондай-ақ, бұл күні науқастармен туберкулездің ерте белгілері, ауруды анықтау және алдын алу әдістері туралы әңгімелесу жүргізілді. Емхана қызметкерлері мен пациенттер арасында туберкулездің алдын алу - БЦЖ вакцинациясы және химиопрофилактика бойынша дәрістер оқылды. Туберкулездің әлеуметтік және спецификалық профилактикасы бойынша ата-аналар мен пациенттердің сұрақтарына түсініктемелер мен жауаптар берілді. Тіркелген халықтың туберкулез мәселелері бойынша хабардар болуын анықтау мақсатында сауалнамалар толтырылды.