Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Көктайғақта жарақат пен сынықтан қалай сақтануға болады?


Көктайғақ маусымы басталады. Осы кезеңде жарақат алу қаупі айтарлықтай артады. Қазір қол мен аяқтың сынығы, көгеру, бас, қабырға сынықтары, көгерген жаралар, гематомалары бар адамдар емханаға жиі барады. Дәрігер-хирург, №1 қалалық емхананың консультативті-диагностикалық бөлімінің меңгерушісі м.а. Эльвира Каженова құбылмалы ауа-райында сынықтан сақтануға бірнеше кеңес берді.

1. Табаны жатаған, ыңғайлы аяқ киім киіңіз.

2. Жаяу жүргінші жолы немесе бағдаршамнан өтіп бара жатқанда құлаққап киюге болмайды, өйткені көлік дабылы естілмеуі мүмкін. Бағдаршам мен жаяу жүргінші жолынан өту кезінде балаларды қолыңызда ұстаңыз.

3. Қоғамдық көліктен ақырын шығып, ұстағышты нық ұстаңыз. Аялдамадан кетіп бара жатқан автобус артынан жүгірмеңіз. Тайып құлау ықтималдығы жоғары.

4. Егде жастағы адамдарға резеңке ұшты таяқшаны қолдануға кеңес беріледі.

5. Арқаға құлап түсу қауіпті, себебі желкемен соғып, миы шайқалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда иекті кеудеге дейін тарту ұсынылады.

6. Қолдың алақан бетіне түсу ұсынылмайды, өйткені бұл білек пен білек сүйектерінің сынуына әкеледі. Қолдың сырт жақ қырына құлап түсуге тырысқан жөн.

Алғашқы қабылдауда дәрігердің қарауынан кейін дененің жарақаттанған бөлігінің рентгенографиясы, қажет болған жағдайда басқа мамандардың (невропатолог, нейрохирург, хирург) тексеруі тағайындалады. Тексеру нәтижелері мен аспаптық зерттеу әдістерінен кейін сынықтар анықталған кезде гипс иммобилизациясы қолданылады немесе көрсеткіштер бойынша хирургиялық емдеуге жіберіледі.


http://astana.gov.kz

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу