15 қыркүйектен бастап емханаға тіркелу науқаны басталады
Емханаға қалай тіркелуге болады?
- Egov.kz электрондық үкіметі порталы арқылы (ЭЦҚ болған жағдайда). Алдымен «Денсаулық сақтау» бөліміне кіріп, «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» қызметін таңдау қажет. Пациенттің мәліметтері мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы емханаға автоматты түрде түседі.
- Емханада. Ең бірінші өтініш жазып, жеке куәлікті көрсету керек. Емханаға тіркелудің бұл тәсілі тек азаматтардың жеке санаттарына ғана қолжетімді. Оларға зейнеткерлер, мүгедектер, бала кезінен мүгедектерге тағайындалған қамқоршылар, сонымен қатар қамқоршылар мен қорғаншылар, патронатты тәрбиешілер, колонияда жазасын өтеп жүрген сотталған адамдар (жазасын өтеп жүрген орны бойынша), студенттер, мерзімді қызметтің әскери қызметкерлері, шет мемлекетте туған балалар, тіркеуді сенімхат бойынша рәсімдейтін адамдар.
Сонымен қатар азаматтар 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін бұрын тіркелген емдеу мекемелерінде қаралатындығын ескертеміз.