Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚОРЫТЫНДЫНЫ БЕРЕТІН ДӘРІГЕРЛІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы «Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-18 бұйрығына сәйкес «№ 1 қалалық емханада» біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызмет көрсетуге қорытындыны беру үшін дәрігерлік комиссиясы құрылды. Бүгін комиссияның алғашқы отырысы өтті. 


Біржолғы зейнетақы төлемдерін емдеу мақсатында пайдаланудың негізі дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы болып табылады, ол медициналық қызметтер көрсетуге арналған медициналық көрсетімдер бойынша беріледі:

  1.  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 177-бабының 3-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбесі бойынша орфандық ауруларды емдеу, оларды дәрілік қамтамасыз ету, сондай-ақ емдеу тактикасын айқындау үшін диагностикалық зерттеулер.
  2. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тістерді протездеу, импланттау).
  3. Операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ жүргізілген мастэктомиядан кейінгі түзету мақсатында реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары (пластикалық).
  4. Радионуклидтік және радиойодтерапия.
  5. Радиохирургиялық емдеу (гамма-пышақ, киберпышақ).
  6. Протон терапиясы.
  7. Офтальмологиялық қызметтер (мүйізді коллагеннің кросслинкингі, көзді лазерлік түзету).

Өтініш беруші емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемінің қолжетімді сомасы туралы ақпаратты алады. Өтініш беруші ЭЦҚ арқылы уәкілетті оператордың интернет-ресурсында авторизацияланады және өзінің жеке кабинетін ашып, емдеуге арналған біржолғы зейнетақы төлеміне арналған электрондық өтінішті толтырады. Алушы қаражат арнайы шотқа түскеннен кейін дәрігерлік комиссияның қорытындысын (дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы) беру туралы өтінішпен өзі тіркелген жердегі медициналық ұйымға жүгінеді және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және бейінді маманның қорытындысын қоса береді.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу