Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналар мен ата-аналарға арналған Ашық есік күні өтті
2020 жылғы 22 ақпанда «№ 1 қалалық емханада» ерекше балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналар мен ата-аналарға арналған Ашық есік күні өтті. Акцияға қатысқандар кешенді медициналық тексеруден өтуге үлкен мүмкіндік алды. Атап өтер болсақ, терапевт, жалпы тәжірибе дәрігері, гинеколог, эндокринолог, кардиолог дәрігерлердің қабылдауында болып, бірқатар анализ түрлерін тапсырды. Бұдан бөлек аналар Ашық есік күні аясында маммография, флюорография, ЭКГ және ультрадыбыстық зерттеу секілді медициналық қызмет түрлерін де алды. Аталмыш іс-шарада емхананың әлеуметтік қызметкерлері мен психологтары қатысушылардың сұрақтарына пайдалы ақпараттарды бөлісе отырып жауап берді. Барлық медициналық көмек тегін әрі кезектен тыс көрсетілгендігін атап өту керек. Бүгінгі акцияның басты мақсаты ерекше балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналар мен ата-аналардың өз денсаулығына көңіл бөлуге шақыру және медициналық тұрғыдан көмек қолын созу еді. Осындай игі бастама жалғасын табатындығына кәміл сенеміз.