САЛАУАТТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
![](https://files.medelement.com/uploads/co/603869141415098647/information/9cd7b6e8b3dc8a41ea1a829d63320b85.jpg)
Бүгін №1 қалалық емхананың салауатты өмір салтын ұстану дәрігері Е.А. Гурский «Салауатты ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылатын «Салауатты жұмыс орындары» жобасына сәйкес «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС қызметкерлері үшін темекі шегудің алдын алу бойынша дәріс өткізді.
Жұмысшылардың денсаулығы, қауіпсіздігі және әл-ауқаты барлық елдердегі жүздеген миллион еңбек адамдарының өзекті мәселесі болып табылады. Сондықтан, «Салауатты жұмыс орындары» жобасы ұлт денсаулығын жақсартуға, созылмалы аурулардың алдын алуға және жұмысшылардың денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ең тиімді бағдарлама болып табылады.
Жоғарыда аталған іс-шара барысында салауатты өмір салты мәселелері, сонымен қатар СЖО жобасының артықшылықтары қозғалды. Салауатты жұмыс орындары жобасы кәсіптік ауру және салауатты өмір салты, қауіпсіз мінез-құлық және жеке гигиена, тамақтану гигиенасы және қауіпсіз тамақтану, психикалық денсаулық және профилактикалық медициналық көмек сияқты мәселелерді біріктіруге мүмкіндік береді. Ақпараттық - ағарту жұмысын қорытындылай келе, қатысушылар жаман дағдыға тәуелділіктен тыс өмір сүру көбірек жайлылық пен позитив әкеледі деген пікірге келді.