ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ
![](https://files.medelement.com/uploads/co/603869141415098647/information/898e835ec4f7f7748651cd9124ddb290.jpg)
2021 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай «Әскеріміз – айбынымыз» атты дөңгелек үстел өтті. Оны «№ 1 қалалық емхананың» шаруашылық қызметінің бастығы Олжас Жұмағалиұлы жүргізді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – 7 мамыр мерекесінің және патриоттық рухтың маңызын атап өту. Қатысушылар еліміздегі Қарулы Күштердің құрылуымен танысып, осылайша тарихқа шегініс жасады. Дөңгелек үстел соңында патриоттық ән шырқалды.
7 мамыр – мемлекеттік қауіпсіздік үшін қызмет етіп жүрген әскери қызметшілердің күні. Бұл Отан қорғау өзінің қасиетті борышы екендігін білетін ер-азаматтардың мерекесі. Барлығыңызды келе жатқан 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!