Дәрігерді қандай жағдайда үйге шақыруға болады?
![](https://files.medelement.com/uploads/co/603869141415098647/information/ce44a7e983a6385fe943755b3cd6a6c0.jpg)
Жіті жағдайда немесе созылмалы аурулардың өршуі кезінде, егер органдардың кенеттен және айқын бұзылуының белгілері жоқ болса, сіз тіркеу орнына қоңырау шалып, үйге учаскелік дәрігерді немесе жедел шақырудың 4-санаты бойынша жедел жәрдем (күту уақыты 1 сағатқа дейін) шақыруыңызға болады.
Сізге мына жағдайларда учаскелік мейірбике немесе фельдшер келеді:
- шақыру сәтінде дене қызуы 38°С болғанда;
- артериялық қысым көтерілгенде;
- көмек пен кеңесті үйде беруді керек ететін жай-күй, ауру;
- жарақат жағдайында.
Сізге мына жағдайларда учаскелік дәрігер келеді:
- жұқпалы аурулар белгілері білінгенде;
- вакцинациядан кейін жағдай нашарлағанда;
- дәрігер тексеруін үйде керек еткен жағдайда.
1406 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, шақыру туралы көбірек біле аласыз.