Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары!
![](https://files.medelement.com/uploads/co/603869141415098647/information/c73de1ab00cf6a38326bb11bf250e18a.jpg)
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-де COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы тегін вакцинация жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз. Кез келген адамның тіркелген мекемесіне қарамастан екпе алуына болады.
Егу кабинеті сағат 08.00-ден бастап 24.00-ге дейін дүйсенбі-жексенбі аралығында жұмыс істейді. Біздің мекен-жайымыз: С. Сейфуллин көшесі, 28, 301 кабинет. Вакцинация бойынша қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда емхананың call-орталығына хабарласуыңызға болады: +7 (7172) 39 99 78.
Вакцинация арқылы өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Жаппай вакцинация ұжымдық иммунитетті арттыруға көмектеседі.