Ауруларды басқару бағдарламасы
![](https://files.medelement.com/uploads/co/603869141415098647/information/1db91ea40ff4e7ee33fb0519fcc2665a.jpg)
Ауруларды басқару бағдарламасы – бұл созылмалы аурулары бар пациенттердің белгілі бір топтары үшін үйлестірілген және интеграцияланған медициналық араласулар мен коммуникация жүйесі, мұнда маңызды компонент өзін-өзі емдеу, өзіне-өзі көмек көрсету болып табылады. Бұл бағдарламаны іске асыру медициналық көмек көрсетудің профилактикалық, мультидисциплинарлық және жүйелі тәсіліне негізделген. Аталған бағдарлама «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізілді. «№1 қалалық емхананың» дәрігерлері «Ауруларды басқару бағдарламасы» бойынша жұмыс істейді, сонымен қатар өз денсаулығын басқаруға үйреніп жүрген емделушілер де тартылды. Бағдарламаға динамикалық есепте тұратын созылмалы науқастар қатысады.