Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04

Құрылымы

ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ.

«№ 1 қалалық емхана» бөлімшелері:

  • Жедел медициналық көмек бөлімшесі

  • № 1 отбасылық денсаулық орталығы

  • ЖТД бөлімшесі (№ 2 отбасылық денсаулық орталығы)

  • № 3 отбасылық денсаулық орталығы

  • № 1 консультативтік-диагностикалық бөлімшесі

  • № 2 консультативтік-диагностикалық бөлімшесі

  • Акушерлік-гинекологиялық бөлімше

  • Ақылы қызмет бөлімі

  • Алдын-алу, әлеуметтік- психологиялық көмек көрсету және зертханалық-диагностикалық тексерулер бөлімшесі


Жедел медициналық көмек бөлімшесі

Бөлімше құрамына 10 фельдшер, 3 диспетчер, 6 жүргізуші кіреді. Республика даңғылы, 40 мекенжайында орналасқан. Жедел медициналық көмек бөлімшесі тұрғындарға 4 жеделділік санаты бойынша қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетілетін тұрғындар саны 47 355 адам, оның ішінде 18-59 жас аралығындағы ересектер – 26 954 адам, 1 жасқа дейінгі балалар – 792, 17 жасқа дейінгі балалар - 13 872, 60 жастан асқандар - 6 852 адам. Жедел медициналық көмек бөлімшесінде 212 және 213 бригадалары бар. 212 бригада наурыз айынан бастап карантин аяқталғанға дейін тәулік бойы коронавирус инфекциясы бойынша күшейтілген режимде жұмыс істейді. 


№ 1 отбасылық денсаулық орталығы

Бөлімше меңгерушісі – Бекитаева Асылтас Шахзинанқызы

Бөлімше құрылымы: Учаскелік терапевтер және орта медицина қызметкерлері - № 1, 2, 3, 5, 7, 8, 9, 12, 14 учаскелері, күндізгі стационар, медициналық статистика кабинеті, емшара кабинеті, тіркеу бөлімі, учаскелік акушер-гинекологтар. Бөлімше С. Сейфуллин, 28 мекенжайында орналасқан.

Телефон: 7 (7172) 32 38 11


ЖТД бөлімшесі (№ 2 отбасылық денсаулық орталығы)

Бөлімше меңгерушісі - Қадір Гульназ Сабитқызы

Бөлімше құрылымы: ЖТД және орта медицина қызметкерлері - №1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 уч., химизатор, егу кабинеті, тіркеу бөлімі, емшара кабинеті, учаскелік акушер-гинекологтар, отбасын жоспарлау кабинеті. Бөлімше М. Әуезов, 24 мекенжайында орналасқан.

Телефон: 7 (7172) 32 35 86                                                         


№ 3 отбасылық денсаулық орталығы

Бөлімше меңгерушісі - Абишева Гүлнар Арыстанғалиқызы

Бөлімше құрылымы: Учаскелік педиатрлар, жасөспірімдердің терапевт дәрігері, мектептердегі педиатрлар, емдеу кабинеті, тіркеу бөлімі, егу кабинеті, фильтр, химизатор, дені сау бала каб. және орта медициналық қызметкерлер. Бөлімше М. Әуезов, 24 мекенжайында орналасқан.

Телефон: +7 (7172) 32 25 77


№ 1 консультативтік-диагностикалық бөлімшесі

Бөлімше меңгерушісінің м. а. – Ли Марина Сергеевна

Бөлімше құрылымы: хирург, травматолог, уролог, ЛОР, офтальмолог, онколог, маммолог, тамырлы хирург, эндоскопист, ФГДС каб., УДЗ каб., кардиолог, ревматолог, пульмонолог, эндокринолог, невропатолог, гастронтеролог, нефролог инфекционист, эпидемиолог, функционалдық диагностика кабинеті, флюорография және рентгенография каб., орта медициналық қызметкерлер. Бөлімше С. Сейфуллин, 28 мекенжайында орналасқан.    

Телефон: 7 (7172) 32 79 43 


№ 2 консультативтік-диагностикалық бөлімшесі

Бөлімше меңгерушісі - Тулегенова Айман Жорабекқызы

Бөлімше құрылымы: хирург, оториноларинголог, офтальмолог, невропатолог, инфекционист, гинеколог, УДА кабинеті, рентген - кабинет, жеткіншектер дәрігері, мектеп педиатрлары клиникалық-диагностикалық зертханасы, орта медицина қызметкерлері. Республика даңғылы, 40 мекенжайында орналасқан.

Телефон: 7 (7172) 48 63 99


Акушерлік-гинекологиялық бөлімше

Бөлімше меңгерушісі - Каукенова Жанна Карбековна

Бөлімше емханаға тіркелген әйелдерге гинекологиялық медициналық қызмет көрсетеді. Республика даңғылы, 40 мекенжайында орналасқан. 

Телефон: 7 (7172) 22 68 02


Ақылы қызмет бөлімшесі

 

Ақылы қызмет бөлімшесінде келесі қызмет түрлерін алуға және медициналық тексерістен өтуге болады: 

  • 075/е медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)

  • 073/е (Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама)

  • 076/е (Азаматтық және қызметтік қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін медициналық қарап-тексеру қорытындысы)

  • ОАК, ОАМ, RW (микрореакция), ЭКГ, флюорография, УДЗ 

  • Жеке медициналық кітапша

  • Салалық мамандардың қабылдауы

С. Сейфуллин көшесі, 28, № 311 кабинет

Байланыс телефоны: 7 (7172) 32 60 91


Алдын-алу, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету және зертханалық-диагностикалық тексерулер бөлімшесі

Алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі - Кашкенова Алма Копеевна. 

Бөлімше құрылымы: дәрігерге дейінгі кабинет, акушерлік қарау кабинеті, скринингтік тексеру кабинеті, СӨС кабинеті, әлеуметтік қызметкер кабинеті, психолог кабинеті, КДЗ, денсаулық мектептері, «Нұр» жастар орталығы.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу