Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі туралы жұмыс берушілер мен қызметкерлер не білуі керек? Жарна мөлшері қалай белгіленеді? МӘМС-тің артықшылықтары қандай? Осы және өзге де сұрақтарға «№ 1 қалалық емхананың» медициналық қызметкерлері «Р.Е.Т.» ЖШС, № 40 «Құлпынай» балабақшасы МКҚК, № 41 «Балдырған» балабақшасы МКҚК, № 44 «Үркер» балабақшасы МКҚК ұжымымен кездесу барысында жауап берді. Қатысушылар Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакеті (ТМККК) мен МӘМС пакетіндегі айырмашылықтар туралы мәліметтермен танысты. Мысалы, ТМККК пакетіне жедел жәрдем және санитариялық авиация, бастапқы медициналық-санитарлық көмек, шұғыл стационарлық көмек, паллиативтік көмек тәрізді қызмет түрлері кіреді. Ал МӘМС пакетінде консультациялық-диагностикалық көмек, ТМККК пакетіне енбеген сырқаттарды амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ТМККК пакетіне кірмейтін сырқаттарға стационарды алмастыратын көмек көрсету, ТМККК пакетіне кірмеген сырқаттарға жоспарлы стационарлық көмек көрсету, медициналық оңалту және қалпына келтіруге бағытталған ем-дом (туберкулезбен ауыратын науқастарды оңалтуды қоспағанда) секілді қызметтер бар.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу