Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

МӘМС жүйесіндегі жеңілдік кезеңі 1 шілдеге дейін ұзартылды


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қазақстандықтар үшін МӘМС жүйесіндегі жеңілдікті кезеңді 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдесіне дейін ұзартуды тапсырды.

«Сақтандырылмаған азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырамын. Осы кезеңде медициналық мекемелерде азаматтарға қызмет көрсету МӘМС қатысушысы мәртебесіне қарамастан толық көлемде жүзеге асырылуы тиіс», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін коронавирусқа қарсы күрес жағдайындағы дағдарысқа қарсы шаралар бойынша өзінің мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын қабылданған шешімге сәйкес барлық азаматтар медициналық көмекті 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін «шартты түрде сақтандырылған» мәртебесінде ала алды. Енді ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін елдің барлық тұрғындары маманның көрсеткіштері мен жолдамасы бойынша ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберінде оларға тиесілі медициналық қызметтерді кедергісіз алуды жалғастырады.

Осы кезеңде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, МӘМС қатысушысы болу керек. Медициналық сақтандыру жүйесінде үйден шықпай-ақ онлайн төлемдер (мысалы, «Қазпошта» сайты мен қосымшасы, kassa24.kz сервисі, Smart Astana немесе Kaspi.kz мобильдік қосымшалары) көмегімен сақтандырылуға болады.

Коронавирус індеті жағдайында барлығын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, гигиена ережелерін мүлтіксіз сақтауға, мүмкіндігінше үйде қалуға және айналасындағылармен ара қашықтықты ұстануға шақырамыз.

Ақпарат https://www.facebook.com/osmskz сайтынан алынды. 

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу