Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

COVID-19: ЕКПЕ САЛУ


Дүниеге келген сәттен бастап бізді қоршаған қоғамның қамқорлығындамыз. Олар  ата-ана, жақындарымыз, балабақшадағы тәрбиеші, мектептегі мұғалім, университеттегі оқытушылар болуы мүмкін. Бұл тізімге дәрігерлер мен мейірбикелер де кіреді. Себебі  денсаулығымыз сыр беріп жатса немесе профилактикалық тексерулерден өту қажеттігі болса, міндетті түрде емдеу мекемелеріне жүгінеміз. Әлемдік пандемия ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы өзіндік орнын белгілеп берді. Олардың өз жұмыстарына адалдығы мен пациенттерге деген қамқорлығы сүйсіндірмей қоймайды.  

Елімізде COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы екпе салудың басталғанына 1 апта уақыт өтті. Ресейлік «Спутник V» вакцинасы  ең бірінші кезекте инфекциялық  ауруханаларда, жедел жәрдемде жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне, одан кейін мұғалімдер мен оқытушыларға, басқа медицина қызметкерлеріне салынады. Үшінші кезеңге студенттер, мектеп-интернатындағы, балабақшадағы мұғалімдер, сондай-ақ созылмалы ауруы бар пациенттер жатады. Екпені  салу не салмау әр адамның таңдауына байланысты екендігін ескерген жөн. Адамның иығына бастапқыда бірінші доза, 21 күн өткеннен кейін екіншісі салынады. Вакцинация жасамас бұрын  алдымен пациенттің дене қызуы, ауыз қуысы, қан қысымы, жүрек соғысы мен сатурациясы тексеріледі. 

COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы екпені 18 жасқа толмаған балаларға, 65 жастан асқан адамдарға, созылмалы аурулары (қант диабеті, эпилепсия, инсульт, жүрек-қан тамыр аурулары, иммунтапшылығы ауралары, астма және т.б.) бар пациенттерге салуға болмайды.      

Өз денсаулығыңызды күтіп, жақыдарыңызға жанашыр болыңыз!   


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу