Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ


Күнделікті күйбең тіршілікте өз денсаулығымызға аса мән бермейміз. Көп адам ауырып-сырқаған кезде ғана өздеріне көңіл бөле бастайды. Бүгінгі Дүниежүзілік денсаулық күнінде медициналық және профилактикалық тексерулерден уақытылы өтудің маңыздылығын атап өткіміз келеді. Осы күнге орайластырылған «Салауатты әлем құрайық» Ұлттық бағдарламасының негізгі мақсатына адамдарға денсаулықты бірінші орынға қою, салауатты өмір салтын қалыптастыратын әдеттер туралы ақпараттандыру жатады. Бағдарламаның негізгі міндеттері: аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділіктің деңгейін арттыру, шылым шегуден және алкогольді өнімдерден бас тарту қажеттілігін айту. 1948 жылғы 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жарғысы күшіне еніп, бұл атаулы күн 1950 жылдан бастап аталып өтіледі. Әр жыл медицинадағы маңызды деген мәселелерге арналады. Мысалы, 2021 жылғы Дүниежүзілік денсаулық күнінің тақырыбы – медициналық-санитариялық және әлеуметтік қызметкерлерге арналған халықаралық жыл. Осылайша ДДСҰ COVID-19 пандемиясына қарсы күресте жанкештілік көрсеткен медициналық-санитариялық және әлеуметтік қызметкерлердің ерлігіне лайықты баға беруге шақырады.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу