Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80

Біз туралы

3 қабатты емхананың ғимараты қаланың орталығындағы С. Сейфуллин көшесі, 28 мекенжайында орналасқан. 1999 жылға дейін « 1 қалалық аурухананың» құрамында болған. 1999 жылдың 1 сәуірінде « 1 қалалық емхана» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жеке заңды тұлға мәртебесіне ие болған. 2010 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің « 1 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Директоры – Тұралинов Назар Шамғанұлы. Медициналық қызмет көрсетумен айналысуға рұқсат берілген лицензиясы бар. Емхана 08.00-20.00 сағат аралығында медициналық қызмет көрсетеді. Тұрғындар саны және емхананың қуаттылығы көбейгеніне байланысты қосымша 15 кабинет ашылды. Барлық кабинеттер 2-3 ауысымда қызмет атқарады.

Жоспарланған қуаттылығы бойынша бір ауысымда 250 адамға дейін қабылдайды.


 

«№ 1 қалалық емхана»  бөлімшелері:

  • Жедел медициналық көмек бөлімшесі
  • № 1 отбасылық денсаулық орталығы
  • ЖТД бөлімшесі (№ 2 отбасылық денсаулық орталығы)
  • № 3 отбасылық денсаулық орталығы
  • № 1 консультативтік-диагностикалық бөлімше
  • № 2 консультативтік-диагностикалық бөлімше
  • Акушерлік-гинекологиялық бөлімше 
  • Ақылы қызмет бөлімшесі
  • Алдын-алу, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі

С. Сейфуллин көшесі, 28 мекенжайындағы ғимаратта № 1 Отбасылық денсаулық орталығы,  № 1 консультативтік-диагностикалық бөлімшесі, Алдын-алу, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі, Ақылы қызмет бөлімшесі орналасқан. № 1 Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі – Бекитаева Асылтас Шахзинанқызы.№ 1 консультативтік-диагностикалық бөлімше меңгерушісінің м.а. – Каженова Эльвира Сержанқызы. Алдын-алу, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі – Кашкенова Алма Көпейқызы. 

М. Әуезов көшесі, 24 мекенжайындағы ғимаратта № 2 отбасылық денсаулық орталығы, № 3 отбасылық денсаулық орталығы орналасқан. № 2 отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі – Қадір Гульназ Сабитқызы. № 3 отбасылық денсаулық орталығы меңгерушісі – Абишева Гүлнар Арыстанғалиқызы

Республика даңғылы, 40 мекенжайындағы ғимаратта № 2 консультативтік-диагностикалық бөлімше, Акушерлік-гинекологиялық бөлімше орналасқан. № 2 консультативтік-диагностикалық бөлімше меңгерушісі – Тулегенова Айман ЖорабекқызыАкушерлік-гинекологиялық бөлімше меңгерушісі – Каукенова Жанна Карбекқызы.


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК ұлттық аккредиттеу рәсімінен өтті. Денсаулық сақтау сапасы бойынша аккредиттеу орталығы «№ 1 қалалық емханаға» ұлттық аккредиттеудің 2-санатын 3 жыл мерзімге берді.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу