Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ЖАРАҚАТТАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ АЙЛЫҒЫ


2021 жылғы 1 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін «Қауіпсіз өмір!» Ұлттық бағдарламасын  іске асыру барысында жарақаттанудың алдын алу айлығы

өтіп жатыр. Жол-көлік жарақаттарына жолдағы кем дегенде бір көлік құралының қатысуымен болатын апат салдарынан келтірілген жарақаттар жатады. Жол қозғалысының ережелерін сақтамау адамдардың жол үстіндегі  жарақатына әкеп соқтырады. Жарақаттанудың  негізгі себептері: жылдамдықты арттыру, бағдаршамның қызыл түсінде жолдан өту, автокөлікті мас күйінде айдау,   көшені тиісті емес жерден кесіп өту және т.б. Шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысының қауіпсіздігі және жарақаттанудың алдын алу туралы халықтың сауаттылығын арттыру 

Жол-көлік оқиғаларының себептері:

  • Жақын келе жатқан көліктің алдындағы белгіленбеген жерден көліктер жүретін жаққа шығу;
  • Автобустың немесе басқа да кедергілердің себебінен жолдың жүретін бөлігіне шығу;
  • Көліктің жүретін бөлігінде ойнау;
  • Көліктің қозғалысының бөлігінде жүру (тротуардың болғанына қарамастан адамдар көліктің жүретін бөлігінде жүруді әдетке айналдырған).

Жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, өз өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төндірмеңіз.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу