Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

МӘМС: физиотерапиялық емдеу шаралары


2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің бірқатар артықшылығы бар. Соның бірі осы уақытқа дейін ақылы болып келген физиотерапиялық емдеу шараларын тегін алу мүмкіндігі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емханасында» аурулардың алдын алу және пациенттерді медициналық оңалту мақсатында жұмыс істейтін физиотерапия кабинеті бар. Денсаулықты қалпына келтіру ем шаралар кабинетінде индуктотермия, ультражоғары жиіліктегі терапия, электрофорез, жергілікті дарсонвализация, амплипульстерапия емдеу әдістері қолданылады. Аталған әдістер асқынған және қабынған аурулар, нервтердің жарақаттық зақымдануы, созылмалы бронхит, созылмалы простатит, жіті іріңді қабыну аурулары: фурункулдар, карбункулдар, флегмондар; пневмония, бронхит, бронх демікпесі, жіті гастрит, неврит, невралгия, 1-сатыдағы гипертониялық аурулар, асқынудан тыс бронх демікпесі, гастрит, панкреатит, диабет кезіндегі қышу, стенокардияның ангионевротикалық түрі, бастапқы сатыдағы эндартерит, алопеция, Бехтерев ауруы, созылмалы пневмонияның өршуі, кең таралған остеохондроз (ауырсынуды жою үшін) кезінде қолданылады. Кабинет қажетті медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар мұнда кең таралған остеохондроз, созылмалы бронхит, жарақаттан кейінгі оңалтуға көмектесетін массажды да алуға болады. 

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу