Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

№1 қалалық емханада медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті



Мерекелік іс-шарада емхана директоры Н.Ш. Туралинов мінсіз еңбегі мен денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлерге ҚР Денсаулық сақтау министрі, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы және қала әкімдігі, «Amanat» партиясы мен емхана кәсіподағы атынан ведостволық төсбелгілерді, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыс етті. 

Атап айтқанда, емханамыздың дәрігер-сарапшысы Тышкевич Фаина Айсовна «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, терапевт дәрігер Джолдасова Гүлмира Тлеубердіқызы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, емдеу-алдын алу жұмыстары бойынша басшысы Мерекенова Жанагүл Аманқызы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, КДБ2 меңгерушісі Тулегенова Айман Жорабекқызы мен эндоскопист-дәрігер  Калыбаев Асхат Талғатұлы «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу