Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ҚАРТТАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


Бүгін қазыналы қарттардың мерекесі. Бұл күнді атап өтудегі негізгі мақсат – қарт адамдарда болатын қиындықтарға назар аударып, оларға қамқорлық көрсету. Халықаралық қарттар күнін Біріккен ұлттар ұйымы 1990 жылы 15 желтоқсанда бекітті.  Бұл күні әлем бойынша қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі. 

Бүгін «№ 1 қалалық емханада» қызмет еткен ардагер медицина қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетілді. Бұл емхана тарапынан көрсетілген әлеуметтік қолдаудың бір көрінісі іспеттес. Барша ақ жаулықты әжелер мен аталарды бүгінгі мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Бұдан бөлек 2021 жылғы 2 қазанда сағат 08.00-ден бастап 16.00-ге дейін  Халықаралық қарттар күніне және мүгедектер күніне орай «Ашық есік күні» өтетіндігін хабарлаймыз. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар (балалар мен ересектер) кешенді медициналық тексеруден өте алады.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу