Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті үшін кім қанша төлеуі тиіс?


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде медициналық көмек алу үшін сіз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына салымдар/аударымдар жасауыңыз керек. 

- азаматтардың жеңілдігі бар 15 санаты үшін Әлеуметтік медициналық сақтаныдур қорына аударымды мемлекет жасайды.

- жұмысшылар үшін жұмыс берушелер 2020 жылы жалақының 2%, 2022 жылдан кейін 3% төлейді.

- азаматтық-құқықтық шарт келісімдері бойынша жұмыс істейтін адамдар 2020 жылы кіріс сомасының 1%, 2021 жылы 2% төлейді.

- жеке кәсіпкерлер өз жұмысшыларына жұмыс беруші ретінде төлейді. Өздері үшін ең төменгі жалақының 1,4 мөлшерінің 5% (2020 жылы 1 минималды жалақы 42 500 теңге) немесе 2 975 теңге. 

- қызметкерлер өздері үшін 2020 жылы жалақының 1%, 2021 жылы 2% төлейді.

- өз бетінше жұмыспен айналысатындар 1 АЕК немесе 2 651 теңге (қаладағылар), 0,5 АЕК немесе 1 326 теңге (ауылдағылар) бірыңғай жиынтық төлем төлейді. Бұл сома зейнетақы жинақтарына 30%, медициналық сақтандыруға (ӘМС қорына) 40%, Әлеуметтік сақтандыру қорына 20%, табыс салығы үшін 10% болып бөлінеді.

- халықтың қалған барлық санаттары тәуелсіз төлеушілер ретінде жарналар енгізеді.

МӘМС пакетіне кіретін медициналық қызметтер туралы ақпаратты 1406 нөміріне қоңырау шалып Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан немесе қордың www.fms.kz сайтынан білуге болады.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу