Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

№1 қалалық емханада Ашық есік күні өтті

Балалар жылына орай ұйымдастырылған Chek-up іс-шарасы балаларды, оның ішінде  мектепке дайындалып жатқан бүлдіршіндерді кешенді медициналық тексеруден өткізуге бағытталды. 

Келушілер педиатр, невропатолог, хирург, лор, тіс дәрігері қабылдауы мен тексеруін алуға, сондай-ақ аудиологиялық, психофизикалық және офтальмологиялық скринингтерден өтуге, көрсетілімдер болған жағдайда жалпы клиникалық зерттеулер, УДЗ, ЭКГ, КТ және МРТ жүргізуге мүмкіндік алды.

Қажет болған жағдайда шара аясында кішкентай пациенттердің ата-аналары психолог қызметкерінен кеңес ала алды.




Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу