Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Туберкулез және оның алдын алу



2020 жылғы 6 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-де «Туберкулез және оның алдын алу» тақырыбындағы семинар өтті. Аталмыш шараны фтизиатр дәрігер А. Т. Байшалова жүргізді. Семинар барысында қатысушылар аталған аурудың алдын алу туралы ақпаратпен танысты. Біріншіден бұл салауатты өмір салты және жеке гигиенаны сақтау. Туберкулезді қалай анықтауға болады? Ол үшін флюорографиялық тексеруден өту қажет, сондай-ақ дертті жөтел кезіндегі қақырықты тексеру арқылы анықтауға болады. Туберкулез дегеніміз туберкулездің микобактериялары әсерінен туындайтын созылмалы инфекциялық ауру түрі. Әрбір пациент үшін емдеу жолы жеке таңдалады. Фтизиатр дәрігер Байшалова А. Т. туберкулездің дамуына әсер ететін факторлар туралы айтып берді.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу