Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

"Абай – дана, Абай – дара қазақта" атты ақпараттық-танымдық сағаты


2019 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде атап өту туралы ресми жарлығын шығарған болатын. Осыған байланысты елімізде Абай мұрасын зерделеу мақсатында көптеген іс-шаралар легі басталып жатыр. Соның бірі 2020 жылғы 6 ақпанда өткен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-дегі «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты ақпараттық-танымдық сағаты. Оған «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ бас маманы Гауһар Арыстанқызы Елембаева және медицина қызметкерлері қатысты. Ақпараттық-танымдық сағатта ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірбаянынан, шығармашылық жолынан мәліметтер берілді. Іс-шарада Абайдың  шығармашылығымен етене таныс медицина қызметкерлері өз өнерін көрсетті. Атап айтқанда, № 2 Консультациялық-диагностикалық бөлімше меңгерушісі Жамиля Андакулқызы Танлашева «Желсіз түнде жарық ай...» өлеңін орындаса,  психолог Айдарбекова Асем Шаяхметқызы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін оқыды. 

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу