Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

1-10 ақпан аралығында онкологиялық аурулардың алдын алу және оларды ерте анықтау бойынша онкүндік өтеді. Бұл іс-шара Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні аясында өткізіледі. Онкүндіктің негізгі мақсатына халыққа скринингтік тексерулерден уақытында өту туралы ақпарат беру болып табылады.

Емханада скрининг кабинеті жұмыс істейді. Скринингтік тексеруден өту көптеген ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Тұрақты немесе уақытша мекенжайыңыз бойынша өзіңіз тіркелген емханада скринингтік тексеруден тегін өтуге болады.

Скринингтік тексеру онкологиялық аурулардың, соның ішінде сүт безінің обыры, жатыр мойнының обыры, қуық асты безінің қатерлі ісігі, тоқ ішек және тік ішектің қатерлі ісігі, бауыр ісігі, өңеш обыры, асқазан қатерлі ісігінің алдын алуға көмектеседі.

Скрининг кезінде бой мен салмақ өлшеу, артериалды қан қысымын өлшеу, қандағы холестерин және глюкоза деңгейін анықтау, маммографиядан өту, көз ішіндегі қысымды өлшеуге және т.б. болады.

Қатерлі ісіктің пайда болуының негізгі себептеріне зиянды өмір салты (темекі тарту, дұрыс тамақтанбау), ауаның ластануы, иондаушы сәулелену, белсенді емес өмір салты жатады.

Өз денсаулығыңызды сақтап, скринингтік тексерулер туралы ұмытпаңыз.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу