Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

БҮКІЛӘЛЕМДІК ТРАВМАТОЛОГ КҮНІ


Травматолог дәрігерлерді мерекелерімен шын жүректен құттықтап, қажырлы еңбектері үшін алғысымызды білдіреміз!

Жарақат (грек тілінен аударғанда trauma – жара) – сыртқы орта факторлары әсерінің нәтижесінде тіндер мен органдардың тұтастығының бұзылуы. Тері жамылғысының бұзылуы немесе бұзылмауына байланысты жарақаттарды ашық, жабық деген түрлерге бөлеміз. Жарақатты алу жағдайларының түрлері: тұрмыстық, өндірістік, көше, жол-көлік, спорттық, қасақана және т.б. Ең кең таралған механикалық жарақаттың түрлеріне соғып алу, созып алу, шығарып алу, байламдар, бұлшықеттер және сіңірлерді үзіп алу, сүйектердің сынуы жатады. Зақымдау сәтінің түрі бойынша барлық жарақаттарды келесідей бөлеміз: механикалық, термиялық (күйік, үсік шалу), химиялық, атмосфералық жарақат (сыртқы орта қысымының кенет өзгерісі кезіндегі зақым), электр жарақаты, аралас (механикалық және механикалық емес жарақаттың қатар болуы).


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу