Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

БАЛАЛАР ҮШІН ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРЫҢЫЗ!




Қай кезде де бала денсаулығын сақтау бірінші орында тұр. Мамандар оқыстан болатын жағдайлардың алдын алу маңызды екендігін айтады. Балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастырғыңыз келсе, келесі ережелерді біліп жүргеніңіз абзал: 

  • Балаларды терезесі/москит торы, ашық балкон есігінің жанында қараусыз қалдырмаңыздар;

  • Балаларды қосулы тұрған электр арқылы жылу беретін техниканың (үтік, электр шәйнегі, су қайнатқыш, плита, қысқа толқынды пеш және т. б.) қасында қараусыз қалдырмаңыздар;

  • Балаларды ваннада, бассейнде шомылып жатқанда, шипалы монша кешендеріне, ашық су қоймасына және т. б. жерлерге барғанда қалдырмаңыздар;

  • Балаларды үйде, көшеде және хайуанаттар бағына барғанда жануардың қасында жеке қалдырмаңыздар;

  • 3 жасқа толмаған балаларды қоршалмаған төсекте, диванда қалдырмаңыздар;

  • Балаларға ұсақ (түйреуіш, жапсырма шеге, сүйек және т. б.) заттарды жұтып және олардың мұрнына, құлағына кіріп кету қаупін болдырмас үшін бермеңіз және олардың қол жетпейтін жерде сақтаңыздар;

  • Тұрмыстық қажетті химиялық заттарды (жуатын, тазалайтын заттарды, жәндіктерге және т. б. қарсы құралдарды), дәрі-дәрмекті, сірке суы эссенциясы, сіріңке, электр құралын, қадалатын, кесетін құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақталуын қамтамасыз етіңіз және оларды қолдану ережесін сақтаңыздар;

  •  Бекітуді талап ететін кітап сөрелерін, теледидар тіреуішін және басқа техникалардың қауіпсіз бекітілуін қамтамасыз етіңіздер;

  • Электр розеткасынан арналған қорғаныс қақпағын қолданыңыздар;

  • Баламен ойнаған кезде жоғары көтеріп лақтырмаңыз, себебі ол басын төбеге ұруы немесе қолыңыздан түсіп кетуі мүмкін;

  • Балалар алаңының әйнектен, шегеден, жәшіктен және басқа жарақаттайтын заттардан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және аулалық сенбіліктер арқылы тазартуды қамтамасыз етіңіздер.

Ата-ана болу – зор бақыт және үлкен жауапкершілік, балаларыңыздың балалық шағын қауіпсіз етіңіздер!

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу