Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

БАЛАЛАР ЖАРАҚАТЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ


Баласының жарақатын көрген ата-ана өзін қоярға жер таппай, бірінші медициналық көмек беруге асығады. Мамандар балаларға кішкентай кезден бастап сақтық шаралары туралы айтып отыру қажеттігін ескертеді. Өткір және химиялық заттар, қайнаған су, от және басқа да қауіпті заттар балалардың қолы жетпейтін жерде тұру керек. 

Балаларда ең көп кездесетін жарақаттар:

  • Түзу жерден құлау  ( сүріну, ілініп қалу, аяқтары оралып қалу);
  • Биіктіктен құлау (жиһаз, балкон, ағаш, шатыр);
  • Жаралар (қайшы, шыны,  ине, тырнақ, пышақ);
  • Күйіктер (қайнаған су, өрт, электр тогы, химиялық заттар);
  • Үстіне құлаған заттардан зақымдану (сөре, ваза);
  • Үсу (аязда, желді ауа райында ұзақ болу);
  • Шағу, тістеу (ит, мысық, кеміргіштер, жәндіктер);
  • Бөтен заттардың ағзаға түсуінен пайда болған зақымдану;
  • Артық қимылдардан зақымдану;
  • Тікендер (ағаш ойыншықтардың нашар өңделген беттері, тұрмыстық заттар, таяқтар). 

Жарақатты бірнеше түрге бөліп қарастырамыз: тұрмыстық, спорттық, жол-көлік  оқиғасында, көшеде, мектепте орын алған және т.б.  Бұл тұста балалардың анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, физикалық және ақыл-ойының дамуын, тұрмыстық дағдыларын ескеру керек. 

Тұрмыстық және көшедегі жарақаттар балалар жарақатының  ішінде негізгі орынды алады. Ал, олардың пайда болу себептеріне балалардың биіктен құлауы, өткір заттармен жаралануы, соғып алуы және т.б. жатады. Бұдан бөлек балалар алатын жарақаттардың 12-14 %-ы мектепте орын алады. Спорттық жарақаттар жас спортсмендердің физикалық және техникалық дайындығын сепке алмай жаттығуларды өткізгеннен болады. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу