Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

КОЛОРЕКТАЛЬДЫ ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ АЛДЫН АЛУ


Елімізде 1 наурыздан бастап 31 наурызға дейін колоректальды қатерлі ісік туралы хабардар болушылықты арттыру туралы айлық өтіп жатыр. Бұл айлық шеңберінде 26 наурызда «№ 1 қалалық емханада» Ашық есік күні өтті.  Пациенттерді онколог дәрігер Ж. Е. Куралбаев қабылдады. Ашық есік күніне 21 пациент келді. 

Колоректальды қатерлі ісік дегеніміз не?

Тоқ ішек пен тік ішекте басталатын қатерлі ісік түрі. Колоректальды қатерлі ісік тоқ ішектегі эпителий жасушаларынан пайда болады. 

Қауіп-қатер факторлары:

• Тамақтану ерекшеліктері.   

• Семіздік пен артық салмақ. 

• Ішімдік. 

• Жас ерекшелігі. Жас ұлғайған сайын колоректальды қатерлі ісіктің пайда болу ықтималдығы артады.  

• Физикалық белсенділіктің аздығы.

• Генетикалық факторлар.

Қатерлі ісікті ерте анықтау ауруды алғашқы кезеңде анықтап, тиімді ем таңдауға мүмкіндік береді. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу