Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

МӘМС туралы семинар өтті

2019 жылдың 13 қарашасында «№ 1 қалалық емхананың» № 3 Отбасылық денсаулық орталығы меңгерушісі Базарбаева Мейрамгуль Ахметкадырқызы Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық балалар-жасөсіпірімдер кітапханасында семинар өткізді. Іс-шара «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жағдайында медициналық көмекті ұйымдастыру» тақырыбына арналды. Барлығы 15 адам қатысты. Семинарда ҚР  «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы, МӘМС аударымдары мен төлемдері талқыланды. Ақпараттық-түсіндірмелік мақсаттағы семинарда МӘМС және ТМККК пакеттерінің айырмашылығы туралы сұрақтар қойылды. Базарбаева М. А. медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін мәртебені анықтау тәртібі, емханаға қалай тіркелу керек, 2020 жылдан бастап ай сайын медициналық сақтандыру қорына қандай жарналар төленетіндігі жөнінде айтып өтті. 

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін өз мәртебеңізді анықтау жолдары:

  1. Әлеуметтік мәртебеңізді egov порталынан немесе Халыққа қызмет көрсету орталығынан тексере аласыз.

  2. Емханадағы ақпараттық жүйе арқылы.

  3. @SaqtandyryBot жеделхат-боты арқылы.

  4. Егер Сіз жұмыссыз болсаңыз немесе мәртебеңіз расталмаған болса, Халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелуіңіз қажет. 

  5. Егер Сіз экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін болсаңыз, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіңіз керек немесе бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеуіңіз керек.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу