Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-де «АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай. Алдын алу жолдары» тақырыбында семинар өтті


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-де «АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай. Алдын алу жолдары» тақырыбында семинар өтті. Эпидемиолог дәрігер Эльмира Кадылбекқызы медицина қызметкерлерін осы тақырыпқа байланысты ақпараттық материалдармен, нормативтік-құқықтық актілермен таныстырды. Семинарға қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласындағы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, инфекция жұқтырғандардың жас құрамы туралы білді. Эпидемиолог дәрігер қазіргі таңда бұл ауруға 20 мен 39 жас аралығындағы еңбекке қабілетті жас адамдар жиі шалдығатынын атап өтті. АИТВ инфекциясы адамның иммун тапшылығы вирусының әсерінен пайда болады. Бұл ауру түрінің иммун жүйесін инфекциялық тұрғыдан зақымдап, бүкіл ағза жұмысын кезең бойынша бұзуына әсері бар.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу