Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

БҮКІЛӘЛЕМДІК ҚОЛ ЖУУ КҮНІ


15 қазан – Бүкіләлемдік қол жуу күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ Балалар қорының бастамасымен аталып өтіледі. Қол жуудың қарапайым ережесін сақтау арқылы инфекциялық аурулардың алдын алуға болады. Себебі жуылмаған қол арқылы адам ағзасына вирусты пневмония, тұмау, гепатит, ЖРВИ және т.б. аурулардың қоздырғыштары түсуі мүмкін. Сол себепті де мамандар қолды жиі және дұрыс жууға кеңес береді.

Қолды қашан жуған дұрыс?

  • Тамақ дайындау мен тамақтанудың алдында;
  • Жанама линзаларды кию және шешрдің алдында;
  • Бет әрлеу алдында;
  • Денедегі жараларды залалсыздандыру алдында. 
  • Түшкіру және жөтелден кейін.
  • Тағам дайындағаннан кейін.
  • Қоғамдық көліктен соң.
  • Үй мен жұмыстағы тазарту жұмыстарынан кейін.
  • Спортпен шұғылданған жағдайда.
  • Ақшаны қолмен ұстағаннан кейін.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу