Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Балаларға туғанынан 18 жасқа дейін емханада қандай медициналық көмек көрсетіледі?


- Бейінді маманның кеңесі, диагностика және емдеу;

- туа біткен патология, психофизикалық дамудың бұзылуы, балалардың ерте жасында көру мен есту ауруларын ерте анықтауға профилактикалық тексеру;

- созылмалы ауруы бар, диспансерлік есепте тұратын балаларға динамикалық бақылау, оларды емдеу мен сауықтыру;

- тәулік бойғы немесе күндізгі стационарға жіберу, көрсетулер бар болған жағдайда стационарды үйде ұйымдастыру;

- қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

- шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек;

- балаларды балабақшаға, одан кейін мектепке барар алдында сауықтыру;

- дұрыс тамақтану, балалар ауруының профилактикасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ата-аналармен ақпараттық жұмыс;

- тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

- учаскелік мейірбикенің әмбебап міндетті патронаждық бақылауы.

Қаперіңізде болсын!

- 1 жасқа дейінгі балалар көрсеутлер бойынша бейімделген емшек сүтін алмастырғыштармен;

- фенилкетонуриямен (психикалық дамудың клиникалық синдромының пайда болуына әкелетін амин қышқылдарының метаболизмінің бұзылуы) ауыратын балалар құрамында төмен фенилаланин бар емдік ақуызды өнімдермен қамтамасыз етіледі.

1406 нөмірі бойынша Медициналық сақтандыру қорыны бірыңғай байланыс орталығына немесе www.fms.kz сайтына жүгініп, МӘМС жүйесіндегі жеңілдіктер туралы көбірек біліңіз.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу