Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ (ДДСҰ) ҰСЫНЫМДАРЫ


Бетперде тағу инфекция таралуды тоқтату және адам өмірін сақтауға бағытталған іс-шаралар кешенінің негізгі элементіне айналуы тиіс, бір ғана бетперде қолдану COVID-19-дан қажетті қорғануды қамтамасыз етуге аздық етеді.

Сіздің аймағыңызда COVID-19 таралуы тіркелген жағдайда келесі қарапайым сақтану шараларын сақтаңыз: бетперде кию, бөлмені желдету, адамдар көп шоғырланған орындарға бармау, қолды жуу, жөтелген немесе түшкірген кезде мұрынды, ауызды майлықпен немесе шынтақтың бүгілген жерімен жабу. 

Адамдар бар жерде бетперде тағуды әдетке айналдырыңыз. Бетперде қолданудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін оны дұрыс пайдалануды, сақтауды, өңдеуді және жоюды білу қажет. 

Бетперде тағудың негізгі ережелері төменде көрсетілген.

  • Егер Сіз бетпердені тақсаңыз немесе шешсеңіз, не болмаса оған қолыңыз тиіп кетсе, онда қолыңызға гигиеналық өңдеу жүргізіңіз.
  • Бетпердені мұрын, ауыз және иегіңіз жабық тұратындай етіп тағыңыз.
  • Бетпердені шешкен соң оны таза полиэтилен пакетіне салыңыз; матадан тігілген бетпердені күн сайын жуу керек, ал медициналық масканы тұрмыстық қалдықпен бірге жою қажет.
  • Клапаны бар бетперделерді пайдаланбаған жөн. 

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу