Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 32 39 80
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Дәрілік формуляр туралы лекция

Бүгін «Қазақстанның ұлттық дәрілік формуляры» редакциясының бас редакторы Дидар Құрасбекқызы Байдуллаева «№ 1 қалалық емхана» медициналық қызметкерлеріне дәрілік формуляр туралы лекция оқыды. Дәрігерлер мен мейірбикелер «Қазақстанның ұлттық дәрілік формуляры» жұмысы, күнделікті жұмыста оны қалай қолдану керектігі жайлы ақпараттармен танысты. Себебі аталған жүйе дәрі-дәрмектерді қолданудағы сенімді ақпарат көзіне жатады. Қазақстанның ұлттық дәрілік формулярын ҚР ДСМ басшылығымен білікті редакторлық құрам құрастырған болатын. Д. Қ. Байдуллаева редакцияның ресми сайтына кіріп, дәрілік формулярға байланысты сұрақтар қалдыруға болатындығын да атап өтті.




Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу