
Біз туралы
3 қабатты емхананың ғимараты қаланың
орталығындағы С. Сейфуллин көшесі, 28 мекенжайында орналасқан. 1999 жылға дейін
«№ 1 қалалық аурухананың» құрамында
болған. 1999 жылдың 1 сәуірінде «№ 1 қалалық емхана» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жеке заңды тұлға мәртебесіне
ие болған. 2010 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Емхана директоры – Тұралинов
Назар Шамғанұлы. Медициналық қызмет көрсетумен айналысуға рұқсат берілген
лицензиясы бар. Емхана 08.00-20.00 сағат аралығында медициналық қызмет
көрсетеді. Тұрғындар саны және емхананың қуаттылығы көбейгеніне байланысты
қосымша 15 кабинет ашылды. Барлық кабинеттер 2-3 ауысымда қызмет атқарады.
Жоспарланған қуаттылығы бойынша бір ауысымда 250 адамға дейін қабылдайды.
КВИ бойынша жиі қойылатын сұрақтар
COVID-19 сұрақтары бойынша Call-орталық:
- 109 , +7 (7172) 32 35 11 (С. Сейфуллин к-сі, 28)
- + 7 (7172) 32 17 49 (М. Әуезов к-сі, 24)
- + 7 (7172) 22 68 04 (Республика даңғылы, 40)
«№ 1 қалалық емхана» бөлімшелері:
- Жедел медициналық көмек бөлімшесі
- № 1 отбасылық денсаулық орталығы
- ЖТД бөлімшесі (№ 2 отбасылық денсаулық орталығы)
- № 3 отбасылық денсаулық орталығы
- № 1 консультативтік-диагностикалық бөлімше
- № 2 консультативтік-диагностикалық бөлімше
- Акушерлік-гинекологиялық бөлімше
- Ақылы қызмет бөлімшесі
- Алдын-алу, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК директоры - Тұралинов Назар Шамғанұлы
Азаматтарды қабылдау: әр сейсенбі, 11.00 -13.00
Директордың байланыс телефоны: +7 (7172) 32 43 15
Кеңсе: +7 (7172) 32 36 40
Фейсбук: https://www.facebook.com/kalalykemhan1/
Инстаграм: https://www.instagram.com/gor.pol.1/?hl=ru