Астана ауа райы

Мемлекеттік рәміздер

О МЦЗ «НҰР»

  • Слайд 1
  • Слайд 2

Жедел медициналық көмек бөлімшесі

          Біздің ШЖҚ МКК«№ 1 қалалық емхана жедел медициналық көмек бөлімшесі» жұмыс істеп жатқанына тура бір жыл толды! Жедел медициналық көмек бөлімшесі Республика көшесі, 40 үй мекен жайы бойынша орналасқан. Бөлімше Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығы негізінде 4-ші жеделдікпен жұмыс істейді. Қызмет көрсететін халық саны: 46 753, оның ішінде 12 293 бала. Бір жыл аралықта 9 706 адам қабылданды. Жедел медициналық көмек бөлімшесінде – 2 бригада қызмет көрсетуде, 213 қауыртты бригадасында Израильдік жедел медециналық көмек көрсету тәжірибесі бойынша Парамедиктер қызымет етеді, 212 бригада тәулік бойы жұмыс істейді. Жедел медициналық көмек көрсететін қызметкерлер: Аға фельдшер: Сакеева Анар Сейткамзеевна, фельдшерлер: Ордан Абылкайыр Тлеубайұлы, Капыш Дидар, Темирбек Самат.

 

Құрметті қала тұрғындары!

 

      

    

 

        

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!

Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілейміз!

Бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқау

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ МКК Асатан қаласы әкімдігінің «№1 қалалық емхана»_ бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Сары-арқа___ ауданы, С.Сейфуллин көшесі 28_,  тел.8 (7172)32-65-10____ 

Ресми сайты - www.kalalykemhan1.kz

 

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

            1) денсаулық сақтау және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

 2. Мынадай:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

Құжаттар тізімі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

         Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын "Түпнұсқа" деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Байқаудың өтетін орны –Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 420 кабинет.

Байқаудың басталу күні–2018 жылғы  6 қараша 

Байқаудың аяқталу күні – 2018 жылғы  5 желтоқсан 

 

 

 

 

 

Тұмауға қарсы екпелер!

 

   
Құрметті тұрғындар! Тұмауға қарсы тегін екпелер жасалып жатыр: емханаға тіркелген зейнеткерлерге, «Д» есептегі науқастарға, екінші, үшінші триместрдегі жүкті әйелдерге. Келіңіздер!

 

  

Call – центрдің телефондары: 576-578, 1430

            

 

 

 

 

 

Құрметті Астана тұрғындары!

      576-578 немесе 1430 телефон номеріне қоңырау шалыңыз!

Сізге біздің операторлар тәулік бойы демалыссыз (24/7) көмектесуге әрқашан қуанышты:

v. Дәрігердің қабылдауына жазылу

v. Дәрігерді үйге шақыру

v. Дәрігердің кеңесін алу

 v. Амбулаториялық-дәрі-дәрмектер бойынша ақпарат алу

 v. Шағым, өтініш немесе алғыс білдіру